• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 02:28:55
Сенім үдесінен шыққан банк

21 Маусым, 2019 NEWS

106 тонна алтын: Елімізден Қытайға алтын тасыған қылмыстық топ ұсталды

Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамына Қазақстан мен ҚХР азаматтары болған

2018 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұзақ уақыт бойы Қытайға құрамында алтыны бар кенді контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Трансұлттық ұйымдасқан топтың құрамына Қазақстан мен ҚХР азаматтары болған.  

Құрамында алтыны бар кенді ауқымды түрде заңсыз өндіру және ұрлау Ақмола облысының Степногорск өңірінде орналасқан кен орнынан жүзеге асырылған. Шикізатты зерттеу және қайта өңдеу үшін арналған жасырын зертханалар жойылды. 

 Трансұлттық ұйымдасқан топ мүшелерін  соттау туралы

Алтын құрамы жоғары (тоннасына 1 кг дейін) қазақстандық кен әртүрлі минерал (кварцит, пирит және басқалары) бүркемесімен жалған құжаттар бойынша шетелге шығарылған. Қылмыскерлер ай сайын шамамен 100 тонна құрамында алтыны бар шикізат шығарған.  

ҰҚК жүргізген арнайы операция барысында ТҰТ мүшелері 250 млн. теңгеден астам салмағы 106 тоннадан артық контрабандалық жүктің кезекті партиясын – екі вагон құрамында алтыны бар кенді шығару кезінде қылмыс үстінде  ұсталды. 

“2019 жылғы 20 маусымда Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты барлық 12 айыпталушыны ҚР ҚК 234 (экономикалық контрабанда) және 264 (трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру, оларға басшылық ету, сондай-ақ оларға қатысу) баптарымен көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға соттады”, - делінген хабарламада. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір