• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:05:42
Алматы
+35°

21 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да “Дала семинарының” айшықты сәттері

Еліміздің барлық облысынан келген 80-ге тарта жас таза ауада табиғат аясында бас қосып, мәселе талқылап, спорттан, өнерден сайысқа түсіп, балық аулап, суға жүзіп әр күнді көңілді өткізуде

ШҚО Алтай ауданы Күмісбұлақ өңірінде ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жастар жылына» орай «Дала семинары» бір апталық жобасы жүріп жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздің барлық облысынан келген 80-ге тарта жас таза ауада табиғат аясында бас қосып, мәселе талқылап, спорттан, өнерден сайысқа түсіп, балық аулап, суға жүзіп әр күнді көңілді өткізуде.  

qamshy.kz

"Жастардың отаншылдық сезімін ояту, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде бұл шараның орны ерекше. Болашақта бұл шараны әкімдіктер, басқа да өкілдіктер қолға алып өрістетсе құба-құп болар еді", - дейді, шараға қатысушылар.  

Семинардың «Таным, тағылым» күндігі аясында өскемендік ақын, журналист Мұратхан Кенжеханұлы, жас ақын Дәулетберді Жекей, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі, журналист Азамат Қасымдар «Дала семинарына» қатысушы жастармен кездесіп қайтты. Ақындар жыр оқып, жастарға өмірлік тәжірибелерінен айтып берді.  

qamshy.kz

Сонымен қатар шараға қатысушы жастар арасында «Қазақ күресінен» сайыс, арқан тарту қатарлы ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар марапат, кубок, сыйлықтармен марапатталды.  

"Бұл жоба тың бастама болғандықтан Жастар іс-шараларға аса белсенді қатысып жатыр. Оларға барлық қолайлы жағдай жасалды. Жастарға спорттан арнаулы жаттықтырушы шақырылды. Сонымен қатар облысқа танымал өнерпаздар келіп концерт қойды", - деді, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин. 

Бүгін жоба аясындағы «Алтай тарихы» этнографиялық саяхат басталды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір