• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:50:10
Алматы
+35°

Abyroikz.kz ұлттық киімдер шеберханасы дизайнерлер арасында байқау жариялайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Олар: 

1) "Ұлттық нақышта қолмен кестеленген (канительмен) үздік үлгі" (үй интерьері, картина, панно, жиһаз)

2) "Киімдегі ұлттық нақыштағы оюлардың үздік үлгісі" (ою арнайы лекалдарға сызылады)

3) "Ұлттық нақыштағы үздік балалар киімі"

4) "Үздік үлгідегі этно-заманауи киім"

Қай салада болмасын жаңа өнімнің туындауы дизайнға байланысты. Әр нәрсенің алдымен үлгіден басталатынын ескерген жөн. Түрлі байқаулар өткізу ең алдымен дарындыларды даралап, кәсібилер әлеміне жол ашуға бағытталады.

Байқауға қатысу шарттары:

  1. Abyroikz электронды почтасына [email protected] өзіңіз таңдаған аталым бойынша өтініш қалдырасыз, эскиздеріңізді тіркейсіз.
  2. Байқаудың негізгі бөліміне қатысу үшін өзіңіз таңдаған аталым бойынша немесе бірнеше аталым бойынша (әр қатысушының таңдауына орай) кем дегенде 4 эскиз жіберуіңіз керек.
  3. Abyroikz-тің инстаграмдағы @abyroikz.kz парақшасына міндетті түрде жазылуыңыз шарт.

Байқауды өткізу мерзімі:

Өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 17 маусымынан – 20 шілдеге дейін жүргізіледі.
Жұмыстарды қарау және бағалау – 2019 жылдың 01 маусымынан 1 тамызына дейін.

Байқаудың тәртібі:

  1. Алдымен барлық эскиздерді Abyroikz компаниясы іріктейді.
  2. Екінші кезеңде барлық іріктелген жұмыстар Abyroikz компаниясының әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашық дауысқа салынады.
  3. Соңғы ақтық сында жеңімпаздарды құрамында кәсіби дизайнер-мамандар, стилистер бар әділ-қазылар алқасы таңдайды.

Жүлделер мен марапаттар:

  1. Әрбір аталымның жеңімпазына 60 000 теңге.
  2. Егер барлық аталым бойынша бір қатысушы жеңсе, ол Бас жүлде иегері атанып, 1 000 000 теңге ұтады.
  3. Негізгі сыйлықтардан өзге, Abyroikz компаниясының өкілдері жекелеген эскиздерді ары қарай өндіру үшін таңдап алады. Бұл жағдайда эскиз авторына 15 000 теңге көлемінде сыйақы төленеді.
  4. Жеңімпаздармен дизайнерлік идеясын өндірісте іске асыруға, бірге жұмыс жасауға келісім шарт жасалады. 
    Сіздің идеяңыз + біздің мүмкіншілік = WOW эффект ₸. $. €.

Толық ақпарат Abyroikz сайтында. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір