• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 18:09:22
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

22 Маусым, 2019 Спорт

Европа ойындарының ашылуы: Димаш жаңа туындысын орындады (видео)

Еуропа ойындарының ашылу салтанаты Беларусь астанасы Минскіде өтті

Димаш Құдайдерген Беларусь елінде II Еуропа ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа ойындарының ашылу рәсімінде Димаш Құдайберген Ogni Pietra (Olympic) атты жаңа әнін орындады. Жаңа туындының әуенін композитор Игорь Крутой, сөзін Лилия Виноградова жазған.

Димаш ән шырқап жатқада "Динамо" спорт алаңына Еуропа олимпиада комитеттерінің туы шығарылды.

Арнайы қонақ ретінде шақырылған Димаштың ерекше образы де көпшіліктің көзіне бірден түскені анық. Қазақ өнерпазы қазақтың туы бейнеленген көк түсті киім киіп шыққан.

Еуропа ойындарының ашылу салтанатын 25 мың көрермен тамашалады. Құрметті қонақтардың ішінде көптеген елдің мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері де болған.

II Еуропа ойындары Минскіде 30 маусымға дейін өтеді. Байрақты бәсекеде спорттың 15 түрінен медаль сарапқа салынады. Жарысқа Қазақстаннан қатысушылар жоқ. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

2 пікір

Сайран 23 Маусым, 2019

тамаша.сөз жоқ.Димаш біздің мақтанышымыз.Европаны бағындырды.ТАМАША.

Ерсін 23 Маусым, 2019

Алматыда "Битлз" тобына ескерткіш орнатқанша Димаш бауырымызды бағалайық. Өйткені Битлз қазақ елінің атын шығармайды. Димаш бауырымыз қазақ деген ұлттың, қазақ тілінің, Қазақ мемлекетінің бар екенін әлемге паш етті. Аман бол бауырым, бағың таймасын! Әмин!