• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 10:35:23
Алматы
+35°

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Салтанатты шарада сөйлеген аймақ басшысы мемлекеттік қызметші ел тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметтің міндеті- халыққа қалтқысыз қызмет ету және ұлттық мүддені қорғау. мереке
-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, мемлекеттік қызметшілер алдында маңызды да жауапты міндет тұр, ол- халыққа қызмет ету. Қазақстанның қазіргі Президенті де осы бағытты ұстанады. Мемлекет тұрақтылықты сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың аз қамтылған тобына жағдай жасау, елімізді дамыту бойынша міндеттемелерін толығымен орындап отыр. Бұл- барлық әріптестеріміздің, соның ішінде ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте болған ардагерлердің еңбегі. Мемлекеттік қызмет ардагерлеріне зор алғысымызды айтамыз,-деді Нұрлан Ноғаев.-Уақыттың өз талабы бар. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, мемлекеттік қызмет көрсетуде де өзгерістер болды. Күн санап электронды түрде қызмет көрсетудің ауқымы кеңейіп келеді. Бұл бюрократизмді азайтуға, халыққа қызмет көрсету сапасының жоғарылауына мүмкіндік береді.
Қазір аймақта үш мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Мемлекеттік секторда жұмыс істеуге жастардың құлшынысы бары қуантады. Мемлекет те оларға қажет барлық жағдайды жасауда. мереке
-Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, кәсіби біліктіліктерін көтеру уақыт талабына сай болуға бейімдейді. Бұл үлкен еңбек. Әр мемлекеттік қызметші оның жұмысы мен адамдармен қарым-қатынасы арқылы мемлекет туралы пікір қалыптасатынын білуі керек,-деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. Түптеп келгенде, барлық қазақстандықтар мемлекеттік қызметшілер, өйткені бәрімізді бір мақсат біріктіреді, ол-еліміздің дамуы, өсіп-өркендеуі. мереке
Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов тәуелсіздік жылдары заманауи кәсіби жоғары мемлекеттік аппарат қалыптасқанын, ел дамуы үшін мемлекеттік бағдарламаларды табысты жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
-Мемлекеттік қызметке қызығушылық танытатын жастардың қатары көбейіп келеді. Атырау облысында мемлекеттік қызметшілердің 30%-ы жас, жігерлі, кәсіби мамандар. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс адамның таным көкжиегі кең болуын, жауапкершілігі жоғары, төзімді болуын талап етеді. Мемлекеттік қызметші жұмысының сапасы адамдардың өмір сүру деңгейлеріне, жалпыхалықтық бағдарламалардың жүзеге асуына ықпал етеді,-деді Тоқтамыс Жұмағұлов.
Кәсіби мереке құрметіне облыс бойынша 30 мемлекеттік қызметші облыс әкімінің, мемлекеттік қызмет істері департаментінің, облыстық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты шара аймақтағы белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсеткен мерекелік концертпен аяқталды. мереке

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір