• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:52:22
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 Саясат

Қысқарғандар есебінен қанша полицейдің жалақысы өседі?

Қызылжағалылардың шілде айынан бастап жалақысы өспек. Тұрғымбаев табысты өсіріп, "сүйкімді" басшыға айналмақ па?

Kaz.nur.kz

ҚР Ішкі істер министрі Ержан Тұрғымбаев министрлікке қарасты қызметкерлер мен қолданылатын қаражатты үнемдеу нәтижесінде полиция қызметкерлерінің жалақысын өсіретіні туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Үнемделген қаражат есебінен патрульдік полиция қызметкерлерінің жалақысы үстіміздегі жылдың 1-шілдесінен бастап 65 пайызға, жедел әрекет ету тобының қызметкерлер мен тергеушілердің табысы 55 пайызға, учаскелік полиция мен ЖОО ұстаздарының жалақысын 25, басқа қызметкерлердің айлығын 20 пайызға өсіру жоспарланып отыр", - деді Тұрғымбаев өткен жұмадағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, тұрғын үй алуға өтініш беретін тәртіп сақшыларының да саны артпақ. Сондай-ақ, шенді министр 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органының жол картасы жүзеге асу үстінде екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 14-қыркүйегінде сол уақыттағы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов министрлікке қарасты қызметкерлердің санын 10 пайызға дейін қысқарту туралы айтқан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір