• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:36:03
+35°

24 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

ШҚО-да жастар Берел қорғанын тамашалады

Еліміздің барлық аймағынан келген жастар Берелдегі ашық аспан астындағы мұражайды көріп, ежелгі түркі мәдениетінің жауһарымен танысты.

Жастар жылында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Дала семинары» жобасына қатысушылар Төр Алтайдағы ежелгі Түркі қағанатының орталығы болған әйгілі Берел қорғанына барып қайтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еліміздің барлық аймағынан келген жастар Берелдегі ашық аспан астындағы мұражайды көріп, ежелгі түркі мәдениетінің жауһарымен танысты. «Алған әсеріміз ерекше. Әйгілі Берел қорғанын көзбен көрудің өзі айырықша әсерлі екен. Мұнда біздің қаншама ғасырлық тарихымыз жатыр. Бұл сапар біздің тарихи түсінігімізді кеңейте түсті» дейді, жобаға қатысушы жастар.

Қатысушылар сонымен қатар «Рахман қайнары» арасанында болып, әсем Алтайдың көрікті табиғатымен таңдай қақты.

«Осы жоба арқылы Шығыс Қазақстанның әсем табиғатын насихаттап, ел мен ер тарихын терең зерделеп, туристік бағытты дамытуға да назар аударылды» дейді шараны ұйымдастырушылар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір