• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:47:42
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 NEWS

Арыстағы оқиға куәгері: Бәрі кетіп жатыр...

Арыс қаласының тұрғындарын залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін таңертең Арыс қаласындағы оқ-дәрі сақталған әскери қойма жарылып, адамдар жүктеген бейнежазбалар желідегілердің үрейін туғызды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторларының айтуынша, жарылған оқ-дәрілерден үйдің қабырғасы дірілдеген. 40 автобус арнайы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру үшін жұмыс жасауда. 15 залалсыздандыру пункті ашылып, қала тұрғындары сол жерге жеткізіліп жатыр.

"Бәрі қолынан келгенше жедел қашып кетіп жатыр. Барлық жерде жол кептелісі. Құжаттарды алдық та қаштық. Арты не болатынын білмейміз. Бір тілейтініміз – аманшылық болса екен. жарылыстан қабырғамыз дірілдеп кетті. Біреулер Шымкентке, біреулер Түркістанға кетіп жатыр", - дейді қала тұрғыны.

Видео авторы елдің жылап жүргенін айтып, тілін кәлимаға келтіреді. Бала жетектеген, етегі желбіреген әйелдер, абыр-сабыр болған ер кісілер, кептеліс, снаряд дауысы...

Ал Қорғаныс министрлігі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жоқтығын айтып бағуда. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Арыс қаласынан...

Публикация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір