• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:26:48
Алматы
+35°

24 Маусым, 2019 NEWS

Ғарышта боқтауға тыйым салынды

Қызметкерлерге мемлекеттің ғарыш саласын сынға алуға болмайды

Ресейлік ғарышкерлерге балағаттауға тыйым салынды. Бұндай талап “Роскосмос” жасаған кәсіби этика туралы кодексте пайда болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі “Москва 24” сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, қызметкерлерге мемлекеттің ғарыш саласын сынға алуға болмайды. Тіпті әлеуметтік желілерде “керек емес” сөздерді қоспауға талап етеді. Онымен қоса, ғарышкерлер салауатты өмір салтын ұстану, бүкіл тіршілікке адамгершілікпен қарауға және іскерлік стильмен киіну керек.  

Талаптарды бұзса, ғарышкер қатаң сөгіс және қызмет бойынша көтерілу қиынға соғатын болады. Бұл кодекс бойынша қаралым 5-шілде күніне дейін созылады.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір