• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 22:11:06
Алматы
+35°

Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде "Арыс, біз біргеміз" акциясы басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл акция барысы «Хабар» және «Qazaqstan» арнасындағы телемарафоннан тікелей эфирде көрсетілді.

Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

«ҚХА өкілдері мен еріктілер апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуге белсенді атсалысуда. Бұған дейін  тұрғындар өз бетімен эвакуцияланғандарға 3 мың құты су таратқан. Шымкентте гуманитарлық көмек жинайтын пункт ашылды», - деді ҚХА мүшесі Әскер Периеев телемарафонда.

Осыған байланысты Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін Облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы, 34 А ғимараты,

Пошта индексі   161200

БСН (БИН)    100440016000 «ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540

БСК (БИК)     IRTYKZKA

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір