• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:14:04
Алматы
+12°

Күні кеше, Алматы облысының ең таулы мекені Райымбек ауданның кәсіпкерлері жалпы сомасы 60 млн теңгені құраған 18 баспананы көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға сыйға тартты. Осымен, Жетісу жомарттары 90-ға жуық отбасыны үйлі қылған. 

Жыл басынан облыс әкімі Амандық Баталов  бастаған қайырымдылық марафоны Райымбек ауданына да жетті. Ауданда жалпы  829 көп балалы отбасы үй кезегінде тұрса, оның ішінде аз қамтылғаны 423. Бүгінде соның 18 –і үйлі болды. Аудан әкімі Жолан Омаровтың қатысуымен табыс етілген қуаныш кілті ең алдымен Сарыжаз ауылының тұрғыны, 7 баланың анасы Жазықбаева Шолпанға берілді. Нұр Отан

«Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде «көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға деген қолдауды күшейту керектігін» айтқан болатын. Осы тапсырма аясында, облыс әкімінің өзі жыл басында қайырымдылық марафонын бастап кетті. Енді сол қуаныш тойы біздің ауылғада келіп жетті. Осы үйді сатып беріп жатқан аудан кәсіпкерлеріне зор алғысымды білдіремін»  - дейді, аудан басшысы. Нұр Отан

Ең кішісі екі жасар жанұяның екі асыраушысы да жұмыссыз. 7 баланың ең үлкені студент Альфияның айтуынша, мына 6 бөлмелі үй кең сарайдай екен.

«Бауырларым ана бөлмеден, мына бөлмеге асыр салып ойнап жүр. Оларға бұл үй кең сарайдай, себебі біз  бұрын 1 бөлмелі, үй деуге келмейтін жерде тұрған едік» - деді, кішкентай қыз көзіне жас алып. Нұр Отан

Келесі үйлер, Қақпақты, Сарыбастау, Қарасаз, Шәлкөде, Жамбыл, Сарыжаз, Тегістік, Сүмбе  ауылдары мен аудан орталығы Нарынқолда табыс етілді. Үй алған 18 отбасында кемінде 7-8 баладан, 3 отбасыда мүмкіндігі шектеулі жандар бар, 4- і асыраушысынан айырылған және көбісі жұмыссыз. Нұр ОтанНұр ОтанНұр Отан

Меруерт Махмұтжан, Алматы облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір