• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:46:14
Алматы
+35°

«Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша қызықты конкурстар ұйымдастырылды. Жол қозғалысының жас инспекторлары өткізген байқау демалушылардың көңілінен шығып, белсенділік танытқан балалардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Республикалық іс-шара аясында мәні зор батаманы қолға алдық. Жол жүру ережесін балалар мүлтіксіз сақтауы қажет. Өскелең ұрпақ жол қозғалысында ешқандай қателік кешірілмейтінін сезінуі тиіс. Өйткені, қателік соңы қайғылы жағдайға душар ететіні анық. Полиция көмекшілері – жас инспекторларға ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Алматы облысы ПД өкілі Айжан Алипбайқызы. «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында жазғы лагерьде демалушы балаларға жол қозғалысы бойынша қызықты конкурстар ұйымдастырылды. Жол қозғалысының жас инспекторлары өткізген байқау демалушылардың көңілінен шығып, белсенділік танытқан балалардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді. «Республикалық іс-шара аясында мәні зор батаманы қолға алдық. Жол жүру ережесін балалар мүлтіксіз сақтауы қажет. Өскелең ұрпақ жол қозғалысында ешқандай қателік кешірілмейтінін сезінуі тиіс. Өйткені, қателік соңы қайғылы жағдайға душар ететіні анық. Полиция көмекшілері – жас инспекторларға ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Алматы облысы ПД өкілі Айжан Алипбайқызы. Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жол қозғалысындағы балалар жарақатының алдын алу және оны болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл облыс көлемінде 220 жол-көлік оқиғасында жасөспірім балалар зардап шеккен. Соның нәтижесінде 10 бала қайтыс болып, 220 астам бала әртүрлі дене жарақатын алған. «Жол жүру ережелерін үйретіп, оларды түрлі викториналар мен ойындар арқылы есте сақтауға, өмірде орынды қолдануға бағытталған іс-шаралар жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады»,- деп атап өтті облыстық полиция өкілі.

Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жол қозғалысындағы балалар жарақатының алдын алу және оны болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл облыс көлемінде 220 жол-көлік оқиғасында жасөспірім балалар зардап шеккен. Соның нәтижесінде 10 бала қайтыс болып, 220 астам бала әртүрлі дене жарақатын алған.

«Жол жүру ережелерін үйретіп, оларды түрлі викториналар мен ойындар арқылы есте сақтауға, өмірде орынды қолдануға бағытталған іс-шаралар жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады»,- деп атап өтті облыстық полиция өкілі. police

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір