• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:48:13
Алматы
+35°

25 Маусым, 2019 NEWS

Тоқаев Қостанай облысындағы ауданның атауын өзгертті

Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысы Таран ауданының атауын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.

2.Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.", - делінген президент жарлығында.

"Ауданға көрнекті қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері Бейімбет Майлин есімінің берілуі – жергілікті тұрғындар көптен күткен маңызды қадам.", - деді президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің жеке парақшасында.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір