• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:50:38
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019 NEWS

Арыстағы жарылыстан қаза тапқандар саны 3 адамға жетті

26 маусымдағы 6.00 жағдай бойынша төтенше жағдай мен оның салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарын топтастыру жеке құрамның 1251 адамы және 188 бірлік техника жұмылдырылған, оның ішінде: Азаматтық қорғау органдарының 346 қызметкері мен 48 бірлік техникасы, 358 қызметкер мен 75 бірлік полиция техникасы, 547 әскери қызметші мен 65 бірлік техникалары бар. 

Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыстар салдарынан 3 адам қаза тапты Qamshy.kz ақпарат агенттігі деп хабарлайды Тengrinews.kz сілтеме жасап. 

Арнайы техникамен белгіленген және көшіруге дайындалған 24 жауынгерлік снаряд табылды. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, медициналық көмекке 70 адам жүгінген, оның 45-і ауруханаға жатқызылып, 3 адам қаза болған.

"26 маусымдағы 6.00 жағдай бойынша төтенше жағдай мен оның салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарын топтастыру жеке құрамның 1251 адамы және 188 бірлік техника жұмылдырылған, оның ішінде: Азаматтық қорғау органдарының 346 қызметкері мен 48 бірлік техникасы, 358 қызметкер мен 75 бірлік полиция техникасы, 547 әскери қызметші мен 65 бірлік техникалары бар. 

Арыс қаласының аумағында ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен 52 өрт жойылды (бір кафе ғимараты, 24 тұрғын үй, 10 шаруашылық құрылыстар, 17 табиғи өрт). Түркістан облысы полиция департаментінің, Ұлттық ұланның қызметкерлері Арыс қаласын қоршап, күзетіп жүр. Сондай-ақ қаланың периметрі бойынша бекеттер қойылған.

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен 3 тонау фактісі анықталды. Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу аппаратын қолдана отырып, аэровизуалды барлаудың нәтижесінде әскери бөлімнің аумағында ашық жану жоқ екендігі анықтады.

Қорғаныс министрлігінің саперлік бөлімшелер саны 14 топ, жалпы саны 145 адам. Арнайы техникамен белгіленген және көшіруге дайындалған 24 жауынгерлік снарядтар табылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір