• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:14:51
+35°

Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исимбаеваның 20 жастағы ұлы - Рахат-Би Әбдісағын Елбасыға арнап опера жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Әсем Жапишева өзінің фейсбук парақшасында жариялады. Туындының аты "Путь, освещенный солнцем" деп аталады. Рахат-Би Әбдісағын либретто мен музыканың авторы. 

 "Астана Опера әртістері алғашында бұл сөздерді айтудан бас тартқан, алайда оларды жұмыстан шығарамыз деп қорқытқан. Қазір репетицияны бастап кеткен. 6 маусымға дайындалып жатқан сияқты. Мүмкін кеш болып кетпей тұрғанда барлығымыз жаттап алғанымыз дұрыс шығар? Сіздер мәнерлеп тұрып оқысын деген ниетпен, мен операны жай сөздермен жазуды жөн көрдім. Алғыс айтпай-ақ қойыңыздар", - деп жазады Әсем Жапишева. 
 
"Нет, он не Бог, не Святой и не Царь.
Он - Первый Президент и Лидер нации.
Он - Герой, призванный выполнять волю Творца на земле среди людей, упорядочивая жизнь и внося в нее справедливость, меру, законы вопреки разрушительным силам хаоса и стихийности.
Он - преданный слуга своего народа, заступник и покровитель всех тех, кто стоит на стороне добра, мира созидания и сотрудничества.
Он - яркая путеводная звезда, на всеобщее счастье вспыхнувшая на лбу многострадального героического народа.
Он - тот, кто создал нацию и проложил дорогу, освещаемую Солнцем".

Алайда, Астана Опера бұл ақпаратты теріске шығарып отыр. 

Олардың айтуынша, жас композитор Рахат-Би Әбдісағын өзінің "Путь, освещенный солнцем" атты жаңа операсын театрға ұсынған.

"Қазіргі таңда шығармашылық ұжым өздеріне ұсынылған партитурамен танысып жатыр. Бұл опера 6 маусымда қойылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Театр әртістеріне ешқандай қысым түсіріліп жатқан жоқ", - деп мәлімдеді театрдың баспасөз қызметі. 

Президентке опера

Опера

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір