• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:31:00
Алматы
+35°

26 Маусым, 2019

Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылған жарылғыш заттардың әлегінен кейінгі тексеру кезінде полиция қызметкерлері 37 бас ірі қара, 150 иесіз қой тапты. Аталған түліктер қазіргі таңда арнайы күзеттің қарамағында деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, Арыс қаласындағы жағдайға байланысты Түркістан облыстық полиция департаментінің 448 қызметкері және 75 автотранспорты жұмыс жасаған.

1

Ұлттық гвардияның ә/б №6506 580 әскери қызметкері және 36 арнайы траспорт, оның ішінде  жол талғамайтын «Урал» көлігі эвакуациялау ісінде жұмыс жасады. Сондай-ақ, әскери полцияның 10 қызметкері, №0358 әскери бөлімінің 200 қызметкері халықты залалсыздандыруға атсалысты. Барлығы 1238 қызметкер Арыстағы апатты ауыздықтау үшін әрекет еткен.

2

Сонымен қатар, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 1800 әскери қызметкер мен 50 арнайы техника жұмысқа тартылды. Арыс қаласындағы төтенше жағдайдан кейінгі екінші күнде полиция департаментінің қызметкелері 4 ұрлау фактісін тіркеген. Ауданаралық жолдарға, маңызы бар трассаларға 20 жерден бекет қойылған. Бұұл қаладағы қауіпті жағдайдан тұрғындар зардап шекпесі үшін жасалған қауіпсіздік шарасы.

4

Айта кету керек, полция департаменті мен Қорғаныс министрлігінің бөлімшесі тізе қосып, қаланы минадан тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қала маңынан, көшелерден жарылып үлгермеген 130-дан астам снаряд табылған. Бұдан біршама уақыт бұрын Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов 70-ке жуық жарылмаған снарядтардың бар екенін жеткізген еді.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір