26 Маусым, 2019 Барлық аймақтар
Министрдің орынбасары жауап береді: Арыстағы жарылған "Ядролық қару" ма?
Арыс қаласының тұрғындары мен блогерлер ара-тұра ядролық қару немесе сутектік қару болған десіп, шуласып жүр...
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев Арыстағы жарылыстан кейін ауада қалқыған «саңырауқұлақ» типтес бұлттың пайда болу себебін түсіндіріп берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл жарылыстан кейін әдеттегі түтін. Мұндай бұлт қалуы үшін міндетті түрде ядролық жарылыс болуы қажет емес. Оның саңырауқұлаққа ұқсайтыны рас. Өйткені, жарылыс орын алған жерде үлкен дәрілік күш болды. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, жарылыстың салдарын анықтау үстінде. Ресми қорытынды шыққан соң бұл сұрақтарға жауап береміз", - деді Тимур Дәндібаев.
Министрдің орынбасарының айтуынша, жарылыс орын алған әскери қоймада ешқандай ядролық қарулар болмаған.
"Ол жердегі жарылған қарулар ешқандай ядролық құрылғылар болмаған. Бұл жарылыстың салдары қала тұрғындарына еш кері әсер етпейді", - деп түйді сөзін министрдің орынбасары.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір