• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 08:52:33
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

26 Маусым, 2019

ҚМДБ ұжымы Арыста зардап шеккендерге біркүндік жалақыларын аударды

ҚМДБ қызметкерлері Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударады.

ҚМДБ қызметкерлері Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге аударады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бастамашы болып осындай игі істі қолға алды. Аталған сауапты іске әр қызметкер өз еркімен келісіп отыр. Аталған істің бастамашасы болған Бас мүфти: «Бұл дінімізге сай кешегі апаттан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында жүзеге аспақ. Қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше мешіттерде «Елорда асары» атты қайырымдылық шарасы басталып кетті. Күні кеше тосыннан келген апатқа тосырқап қалған ел-жұртты сабырға шақыру мақсатында жергілікті мешіттеріміз ауқымды жұмыстар атқарды. Анасынан адасып қалған балалар сол маңайдағы мешіттерді паналады. Одан бөлек Шымкент пен Тараз қаласындағы ірі мешіттер де сауапты іске ортақтасуда. Қазақта «қайғыны бөліссең азаяды» деген бар.

Міне, қиын күндерде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыла жұдырық боп жатырмыз. Баршасына Алла разы болсын. Біздің қызметкерлер де бір күндік жалақысын Арыстағы ағайынға аударуды жөн санады» - деді. Айта кетейік, Бас мүфтидің тапсырмасына сай Арыс халқына Шымкент және Түркістан облысындағы өкілдіктер де жан-жақты көмек беруде.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір