• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:17:22
+35°

Бүгін «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты аймаққа арнайы келді. Сапар барысында ол қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен кездесті.

Алдымен ол Ордабасы ауданы Төреарық ауылындағы Тәуке хан мектебіне ат басын бұрды. Бұл жерде төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс тұрғындарының бір тобы уақытша орналастырылған. nur otan

– Апат айтып келмейді. Сондықтан біз қазір жұдырықтай жұмылуымыз керек. Қазір барша қазақстандықтар сіздермен бірге алаңдап, көмек қолдарын созуда. Халық арыстықтармен бірге. Бұл төтенше жағдай қазақстандықтарды одан әрі біріктіріп, ұйыстыра түскенін көріп отырмыз, – деді Мәулен Әшімбаев.

Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінен Арысқа қарай гуманитарлық көмектер ағылып келіп жатқаны белгілі. Осы істе «Nur Otan» партиясы да белсенді әрекет етуде. Оқиға болған күні партияның барлық облыстық филиалында гуманитарлық көмек қабылдау орындары ашылып, олар тәулік бойы жұмыс істеп тұр. nur otan

– Қазірдің өзінде еліміздің 9 облысынан көмек келіп жетті. Гуманитарлық көмектен бөлек, партия тарапынан зардап шеккен ата-аналар мен балаларға психологиялық қолдау көрсетіліп жатыр. Жасотандықтардың белсенділігін де ерекше атап өткен жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі арнайы келіп, жағдаймен танысып шықты. Қазір жағдай толығымен бақылауда. Қаланы қалпына келтіру жұмыстарына біздің партия да тікелей қатысып, жұмыстың жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстайды, – деді Мәулен Әшімбаев. nur otan

Партия тарапынан ұйымдастырылған гуманитарлық көмектің жалпы көлемі 341 тоннаны құрайды. Осы аптаның соңына дейін қалған аймақтардан да автокеруендер шығады. Сондай көмектің бір тобын қарсылап алған Мәулен Әшімбаев «Nur Otan» партиясының бұл бағыттағы жұмыстары әрі қарай да жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев төтенше жағдайға байланысты құрылған жедел штабқа арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Одан бөлек зардап шеккен балалармен жұмыс істеп жатқан психолог мамандармен кездесті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір