• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:22:14
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 Оқиғалар

Ақтауда №55 балабақшасының тәрбиешілері балаларды тоқпақпен тәрбиелеген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы сілтеме жасап.

Тәрбиешілер бүлдіршінерді тіпті сағат бойына орындықтан тұрғызбай, себепсіз қол жұмсаған. Бұл туралы кішкентайлар ата-аналарына шағым айтып барғандарында бір-ақ біліпті. Ал мекемедегілер бақылау камерасындағы жазбаны тек полиция араласқан соң ғана көрсетіпті.

Бейнежазбаны көрген  ата-аналар жағаларын ұстады. Мұндағы тәрбиешілердің кішкентайларды сағаттап орындыққа отырғызып қойғаны анық көрініп тұр. Тіпті қараусыз қалдырып, себепсіз ұрған сәттері де бар. Сондай-ақ, сусынды екі стақаннан ішуін талап еткен. Ал ішіп тауыса алмағандарды жазалайды екен. Мұндай сұмдықты көрген ата-аналар балаларының не себепті балабақшадан қашатынын енді түсіндік деп отыр. Тәрбиешілердің жауыздығына ашынып, енді мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін түгел сотқа бермекші.

–Мен шыны керек, видеоны қарай алмадым. Баламның тәрбиешісі және басқа топтың тәрбиешісі келіп кішкентайымның басынан ұрғанын қарап тұрудың өзі сұмдық. Тіпті ешқандай ойыншықтармен ойнатпайтыны, тәрбиешілер кішкентайларды қараусыз қалдыратыны анық көрініп тұр - дейді Назым Түгелбаева есімді ата-ана.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір