• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:57:03
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 Саясат

Бас прокурор 10 жылға сотталды

Сот прокурорды "пара алды, бопсалады, қаржылық алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды, әділ сотқа кедергі келтірді" деп айыптаған.

26 маусым күні Ташкент қалалық соты Өзбекстанның бұрынғы бас прокуроры Рашид Қадыровты 10 жылға соттады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа cілтеме жасап.

Азаттықтың жазуынша, сот прокурорды "пара алды, бопсалады, қаржылық алаяқтық жасады, салық төлеуден жалтарды, әділ сотқа кедергі келтірді" деп айыптаған.

Қадыровпен бірге тағы 12 адамға да үкім оқылды. Олар әр түрлі мерзімге сотталды. Араларында ең ұзақ мерзім - 19 жылға қамалғаны да бар.

Қадыров былтыр ақпан айында ұсталған. Ал сот отырысы биыл қаңтарда басталған.

Өзбекстанның бас прокуратурасын 15 жыл бойы басқарған, бұрынғы президент “Ислам Каримов гвардиясындағы” шенеуніктердің бірі ретінде аталатын Рашид Қадыровты қазіргі президент Шавкат Мирзияев билікке келген соң бірнеше рет ашық сынаған. Мирзияев 2017 жылы тамызда прокуратура қызметкерлерін "ұрылар" деп атаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір