• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:51:12
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 NEWS

Арыста жарылмаған 5 мыңнан аса снаряд табылды

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, апатты жою аймағына ІІМ жеке құрамынан 1488 қызметкері мен 189 техника тартылды

Арыс көшелерінде жарылмаған 5700 снаряд табылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды.  

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, апатты жою аймағына ІІМ жеке құрамынан 1488 қызметкері мен 189 техника тартылды. Снарядтарды 408 адамнан тұратын 43 сапер топтары іздеуде. Арыс аймағы бойынша жарылмаған снарядтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Іздеу шаралары әскери горнизон, темір жол станциялары мен жолдарында қарастырылуда.  

Табылған снарядтары арнайы техникамен шығарылады.  

“Арыс қаласының 16 бөлігі және 11 километр темір жолдары инженерлік техникамен тазартылды. Қазіргі таңда, Қорғаныс министрлігімен тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерде бірге тазарту жұмыс жүргізілуде”, - делінген хабарламада.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір