• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:21:59
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 Саясат

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындарымен кездесіп, толқуларға қатысты пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол "Ақмешіттің" маңында жиналған бір қауым елдің арыз-шағымын тыңдап, өз жоспарымен бөлісті.

"Арандатушыларды тыңдамаңыздар. Мені тыңдаңыздар! Біз бірге болуымыз керек. Арыс қаласында ешқандай радиация жоқ. Сол жақта сіздердің үйлеріңізді жөндеп, жарамайтын үйлерді қайта салып береді. Содан кейін сол үйді сатасыздар ма, өздеріңіз шешесіздер", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Айта кету керек, облыс басшысынан бұрын жиылғандармен қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов кездескен.

"Сіздер Шымкент қаласынан үй беруді талап етіп отырсыздар. Сіздер сияқты, мүгедектер, табысы аз азаматтардан құралған 130 мың адам кезекте тұр. Мен оларға не айтуым керек? "Мен сіздерге бермеймін, арыстықтарға беремін" деймін бе?! Олар да адам ғой... Арыс – жақсы қала, экономикасы өседі. Станция бар. Бірнеше күннен кейін сіздердің қалада ешқандай жарылғыш зат қалмайды. Жаңа үйлер, жаңа жолдар салынады", - деді ол Арыс тұрғындарына.

Айта кету керек, Арыс қаласының Шымкентке эвакуацияланған тұрғындары мешіт маңындағы жолды жауып, өздерінің талап-тілектерін айтқан-ды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір