• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:36:32
Алматы
+35°

27 Маусым, 2019 Саясат

Әблязовтың 7 сыбайласы Қазақстанға қайта оралды (видео)

БТА банкінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың жеті сыйбайласының тергеу ісі прокуратураға жіберілді

БТА банкінің экс-басшысы Мұхтар Әблязовтың жеті сыйбайласының тергеу ісі прокуратураға жіберілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу департаментінің жетекшісі Сергей Перов айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Перовтың айтуынша, тергеу ағымдағы жылдың мамыр айында аяқталды. Шетелге қашып кеткен күдіктілер Қазақстанға өз еріктерімен қайта оралды.  

Елге қайтып келгендердің бірі - Әблязовтың қолында болған "ИПГ Евразия", "Евразия Сити" және "Славинвсетбанк" директорлар кеңесінің жетекшісі Артур Трофимов. 

Трофимовтан бөлек Қазақстанға келгендер:  

- Ресейдегі банктің заңгері Максим Хаблов 

- Әблязовқа тиесілі компанияларының жетекшісі Анар Әбдіхаимова  

- Банктің несие комитетінің мүшесі Валерий Налобин  

- Венгриядан несие басқармасының басшы орынбасарлары Ержан Кәдесов және Зәуре Жүнісова 

- БАӘ-нен БТА банк несие комитетінің жетекшісі Анатолий Погорелов. 

"Бұлардың барлығы да Әблязов ұйымдастырған БТА банктің қаржысын талан-таражға салды" деп айыпталуда.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір