• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:51:45
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019

Абаев митинг туралы: Менің ойымша, бұл – эмоцияның жемісі

Министр жарылыс орын алған қаланың жағдайы жақсара түсетініне уәде етті.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Шымкент қаласына эвакуацияланған арыстықтардың шеруі туралы пікір білдірді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кету керек, бүгін түс әлетінде Арыс қаласынан эвакуацияланған тұрғындар биліктен үй мен жер телімін талап етіп, рұқсат етілмеген митингке шыққан-ды.

–Менің ойымша, бұл – эмоцияның алға шығуының жемісі. Санасы ашық азаматтар барлығын басынан бағамдайды. Облыс әкімі мен қала әкімі жиылғандармен жедел кездесіп, жағдайды түсіндірді. Олар ертең-ақ, өз қалаларына қайтады. Үйлерін жаңадан салып, жөндеп береді. Менің ойымша, бұл қала бұрынғысынан әлдеқайда жақсарады, - деді министр "Хабар" арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, арандатушылар мен арам ниеттілер ашынған халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта бұл іспен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысуда.

–Тыныштық пен ашық сананы сақтап қалуымыз керек. Жедел арада бәрі қалпына келетініне мен кәміл сенемін, - деді министр.

Абаевтың айтуынша, Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдың шығу себебі анықталып, кінәлілер жазасыне алады.

–Айтатыны жоқ, бейбіт күнде төбеңнен ысылдаған снарыядтың ұшуы – жіберілмеуі тиіс қателік. Билік мұны сөзсіз түсінеді. Біз – мұндай төтенше жағдайлар орын алған алғашқы ел емеспіз, - деді Абаев.

Белгілі дереккөздердегі ақпараттарға сенсек, Арыс қаласының тұрғындары ертеңнен бастап өз үйлеріне оралады. Ал қалаға кіруге рұқсат берілген күннен-ақ қамкөңіл елдің қамы үшін іске кірісуге білек сыбанып отырғандардың қарасы қалың.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір