• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 19:44:37
Алматы
+12°

29 Маусым, 2019 NEWS

ІІМ: "Теңіздегі қақтығыс аяқталды, жағдай тұрақты"

Ливия азаматы қазақ халқынан кешірім сұрап, видео жолдаған болатын

Атырау жақтағы жұмысшылар қатысқан Теңіздегі жанжал басылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінде хабарлады.

"Атырау облысының полиция департаменті Теңіз вахталық ауылында бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Қазіргі уақытта қақтығыс аяқталды. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратудан аулақ болуға шақырды", - делінген ІІМ хабарламасында.

Еске салсақ, оқиға 29 маусымда сағат 11:00-де "Теңіз" вахталық ауылында болды, "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement s.a. L Offshore (ССЕР)" компаниясының жұмысшылары жұмыс учаскесіне жиналып, Ливия азаматы Eli Daoud-тың жақында жариялаған суретіне қатысты наразылықтарын білдірген. 

Біршама уақыттан кейін Ливия азаматы қазақ халқынан кешірім сұрап, видео жариялаған болатын. 

Оқи отырыңыз, Қазақтардың ашуына тиген Ливия азаматы қазақ ұлтынан кешірім сұрады (видео)



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір