• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 13:27:39
Алматы
+12°

30 Маусым, 2019 Оқиғалар

Белгісіз адамдар белсендінің үйіне шабуыл жасады (видео)

Манатбектің жазуынша, бұл - өзін қорқыту үшін жасалып жатқан қоқан-лоққы. Рұқсат етілген бейбіт митингке барғызбау үшін жасалып жатқан ескерту. 

30 маусым таңғы алтыда Нұр-Сұлтанда журналист, белсенді Мәди Манатбектің үйінің терезесін белгісіз адамдар сындырып кеткен деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы журналистің өзі Facebook парақшасында жазды.

Манатбектің жазуынша, бұл - өзін қорқыту үшін жасалып жатқан қоқан-лоққы. Рұқсат етілген бейбіт митингке барғызбау үшін жасалып жатқан ескерту. 

"Таңғы алтыда пәтерімнің терезесін сындырып кетті. Митингтің алдында қорқытқан не қоздырған түрлері. Бұндай кезде камераның істемей қалатынын, тас лақтырғандардың табылмайтынын білеміз. Ескерту, қорқыту және оның амалдары деген сабақтың түрі осылай. Адамның жанды жері отбасы, ондағы тыныштық, ол бұзылса бәрінің де шырқы кететінін біледі бұ билік. Тағы не боларын алда көре жатармыз. Бұйырса, "жаздым, жаңылдым, елде бәрі керемет",- деген сыңайда видеоүндеу жазып қалуымыз да мүмкін. Ол кезде еш сөзіме сенбеңіздер", - деп жазды Мәди Манатбек. 

Билік белсенділерге 30 маусымда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында бейбіт митинг өткізуге рұқсат берген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір