• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Қыркүйек, 18:58:18
Алматы облысындағы төтенше жағдай кезінде екі адам қаза тапты

30 Маусым, 2019 NEWS

Димаш арыстықтарға қанша ақша бөлді?

Димаш Денис Теннің ата-анасына құрмет көрсетті.

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің "Арнау" атты концерті өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қала басшылығы концерттің тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін барлық жағдайды жасады. Алдымен, көшенің бірқатар бөлігін жауып, одан кейін концерт өткен орынға арнайы автобустар бөлді.

Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, шараны өз дәрежесінде өткізуге 350-ден астам ерікті атсалысқан. Ал концертке көрермен ретінде 10 мыңнан астам көрермен жиналыпты.

Сахнада ән шырқаған Димаш қаныпезерлер қолынан қаза тапқан спортшы, мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенге жеке композиция арнады.

"Денис Тен екеуміз дуэт айтуды жоспарлағанбыз. Өкінішке орай, ол жоспарымыз енді мәңгі орындалмайды. Денис көп жұмыс жасайтын талантты жігіт еді. Ол – біздің еліміздің ең жарқын азаматтарының бірі. Денистің бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ", - деді әнші.

Ән соңында Димаш Денистің ата-анасын құрметті қонақ ретінде сахна төріне шақырып, гүл ұсынып, сый көрсетті.

Сондай-ақ, әнші концерттен түскен ақшаның жартысын арыстықтарға аударатынын айтып, халықты бір қуантты.

"Мен жиі-жиі шетелде болсам да, еліміздегі жағдайларды назардан тыс қалдырмаймын. Жақында Арыс қаласында жарылыс орын алды. Мен осы концерттен түскен ақшаның жартысын Арыс қаласының тұрғындарына аударамын", - деді Димаш сахнада тұрып.

Димаштың концертінің толық нұсқасы: 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір