• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Шілде, 21:10:34
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

30 Маусым, 2019 Саясат

Алматыда билік рұқсат берген бейбіт митинг өтті (видео)

Сағат 10.00 басталған митингке билік рұқсат берген. Оған шамамен 200-ден аса адам жиналды. 

Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артында қоғам белсенділері мен тұрғындардың митингісі өтіп жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сағат 10.00-де басталып екі сағат болған митингке билік рұқсат берген. Оған шамамен 200-ден аса адам жиналды. 

Алматы митинг

Жиналған жұртшылық алдында сөз сөйлеген белсенділер "бейбіт митинг үшін биліктен рұқсат сұрамау керек және оны белгілі бір орында ғана өткізу халықтың заңдық құқығын шектеу" дегенді айтты. 

Алматы митинг

Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы халықтың өз құқығын талап етуді үйренуі қажет екенін айтты. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа:

Алматы митинг

"Ақсақал, 30 жыл бойы халық мойнына мініп келдіңіз. Енді халық мойнынан түсіңіз, биліктен толық кетіңіз. Өзіңізбен бірге билік қолшоқпары болған Ішкі істер министрі, өзге де шенеуніктерді алып кетіңіз",- деді.

Рысбек Сәрсенбайұлынан басқа сөйлеген белсенділер де "Назарбаевтың биліктен біржолата кетуін" талап етті. 

Олар экс-президенттің "билікке жармаспай", қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елді басқаруға кедергі келтірмесін" деген талап қойды. 

Ал митингті ұйымдастырушылардің бірі Әлнұр Ильяшев қатысушылардан "митинг өткізуге рұқсат қажет емес" деген тақырыпта ғана сөйлеуін өтінді.  

 Алматы митинг

Митингке екі сағат уақыт қана берілген. Сондықтан қатысушылар бір-біріне ойын қысқа да нұсқа жеткізуді, бір-бірін қайталамауға шақырды.

Алматы митинг

"Ақиқат" ЖСДП-ның жетекшісі Ермұрат Бәпи "билік белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берсе де, басқалардың құқығын шектеп отырғанын" айтты.

–Билік мына жерде бізге митинг өткізуге рұқсат берді, бірақ "Сарыарқа" базарында сауда жасайтындардың құқығын шектеді. Оларға бүгін базарда сауда жасауларына тыйым салынған.  Бұл – халықтың құқығына қол салу", - деді Ермұрат Бәпи. 

Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы биліктен Арон Атабек, Макс Боқаев, Мұхтар Жәкішев және тағы да басқа "саяси тұтқындарды" босатуды талап етті. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

4 пікір

Ыклас 30 Маусым, 2019

Мынау демакратияның бірінші алғаш бастауы.

Бигали Шоманов 30 Маусым, 2019

Жерді шетелдіктерге тек қана сату емес, жалға беруге де тиым салу керек!

Аман 30 Маусым, 2019

Керемет айтылған.Президенттікке Украина сайық мазағы Зеленский сыяқты Тұрсынбекті сайлау керек.Мы хотим беремін.

серікбай 30 Маусым, 2019

бұл билікке сенуге болмайды митинке рұқсат бергенінде бір жамандық бар бұның бәрінің артында кім тұрғаны белгілі