• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 23:43:08
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

30 Маусым, 2019 Атырау облысы

Оқиға басында. Атырау университетінің доценті Арыстағы жарылыс кезінде жүкті әйелге көмектесті

ҚР БҒМ-нің қызметкерлері толғағы келген жүкті әйелге көмектесті. Бұл оқиға жаңағы әйел басқа тұрғындармен бірге Арыс қаласын тастап бара жатқанда болған. Толғатып жатқан әйелді жол үстінде кездестірген қызметкерлер оны бала тууға жағдайы бар жерге жеткізді. Нәтижесінде бәрі де сәтімен аяқталып, сәби (қыз бала) дүниеге келді. Жүкті әйелге көмек көрсеткендердің ішінде біздің жерлесіміз, Атырау мұнай және газ университетінің доценті Балбөпе Өтенова да болды.
- Арыс қаласындағы № 1 мектептің базасында Ұлттық бірыңғай тест тапсыру орталығы бар. Барлығы онда екі лек өткен – 21 және 23 маусымда, әрбір лектен соң апелляция болады. 24 маусым күні 12 адамнан тұратын комиссия апелляцияға дайындалып жатқан. Таңертеңнен жарылыстар болып, адамдарды шұғыл түрде қаладан шығара бастады-деп әңгімелейді Б.Өтенова. атырау
Жарылыс болғанда, оқытушылар мектепте жүрген болатын. Біраздан соң тұрғындар апыл-ғұпыл қаладан кете бастады.​
- Біз қаламен таныс емеспіз, қайда баратынымызды да білмейміз. Шыға берісте тұрған машиналар балалар мен ересектерді алып кетіп жатты. Жаяу жүріп келе жаттық, әйтеуір бір жас жігіт тоқтап, таяудағы ауылға жеткізіп тастады. Сол жерде жүкті жас әйелді көрдік – акушермен бірге көлік күтіп отыр екен. 41-ші ауылға дейін бірге жетіп, алғашқы кездескен, бейтаныс адамдардың үйіне тоқтадық. Осы отбасына алғысымды білдіргім келеді. Үй иесі әйел бөлме бөліп, таза төсек, жаялық берді, сумен қамтамасыз етті. Біз де барынша көмектестік. Жас ана қыз бала туды. Сәби ірі екен, бірақ тәжірибелі акушердің арқасында бәрі де ойдағдай болды. Үй иелері бар жағдайды жасап, жедел жәрдем келгенше барынша көмектесті,-деді Балбөпе Өтенова.​ атырау
Аман –есен босанғасын Кенже атты жас ананың (бұл – оның екінші баласы) туғандарымен, жолдасымен, енесімен хабарластық.
- Кенжемен сөйлескенімізде, егер ұл туса, қиын кезеңде көмектескен жүргізушінің есімін береміз деген. Қыз туғасын, жаңағы жүргізушінің анасының құрметіне Камила деп атады. Мен сәбидің кіндігін кестім. Өзімнің екі қызым бар, енді бұл бала да мен үшін туғанымдай болмақ. Байланыста болып, оның тағдырының қалай боларын қадағалап отырамын. Жас анамен бірнеше рет тілдестім, бәрі де жақсы,- деп атап өтті Б.Өтенова.​ ​
Ол өзін ерлік жасадым деп есептемейді. Десек те, осындай сын сәтте абдырамай, басқаға көмектесу әркімнің қолынан келе бермейтіні хақ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрынырақ Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Балбөпе Өтенованы және оның әріптестері Жанат Нұржұманова мен Шайзы Доскееваны қабылдап, батырлық танытып, көмек көрсеткендері үшін министрліктің алғысымен марапаттаған болатын.​ ​ ​ ​ ​

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір