01 Шілде, 2019 NEWS
Арыста жарылыстан кейін күлі қалған үйлердің орнына жаңадан баспана салынатын болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің деректеріне сүйеніп.
Арыстағы жарылыстан толықтай өртенген үйлер саны — 21. Бұл жеке үйлерде 28 отбасы тұрған. Қазіргі таңда үй иелері уақытша орынға жайғасты.
Жалпы Арыс қаласында 7700-ден астам үй бар. Олардың көбінің шатыры, есік-терезелері жарылыстан зардап шеккен.
Айта кетейік, арыстықтарға құрылыс-жөндеу жұмыстарына көмек беру үшін еліміздің 16 облысынан және Нұр-Сұлтан қаласынан 170 арнайы бригада келеді. Әр облыс қалада бөлінген секторлар бойынша жұмыс ауқымын бөліп алып, ертеңнен бастап жөндеу жұмыстарына кіріседі. Құрылыс жұмыстары 1 айдың ішінде толық бітеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір