• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:08:13
Алматы
+35°

Алматы қаласына жақын маңда орналасқан ауыл тұрғындары ауыз су мәселесін шешуді талап етіп, Талғар трассасын жауып тастады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Желіде кеңінен тарап жатқан бейнероликтер мен хабарламаларға сенсек, Бесағаш ауылының тұрғындары ауыз су мәселесін шешіп беруді талап етіп, жол-көлік қозғалысына кедергі жасауда. Бейнероликтерде адам қарасының көптігі, арасында полиция қызметкерлерінің жүргені байқалады.

Жолды жапқан ауыл тұрғындары үш күн бойы ауыз сусыз отырғандарын айтып, шағым түсіруде. Бесағаш - Алматы қаласынан бірнеше шақырым жерде орналасқан ауыл.

Алматы облысының әкімдігі аталған жағдайға байланысты мәлімдемені біршама уақыттан соң жасайтынын айтады.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір