• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:06:12
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Зайсанда аралас жекпе-жектен «Еуразия кубогі» өтті 

«Еуразия кубогіне» еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия қатарлы көршілес мемлекеттерден ұзын саны отыздан астам спортшы қатысты

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында аралас жекпе-жектен халықаралық турнир өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Еуразия кубогіне» еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия қатарлы көршілес мемлекеттерден ұзын саны отыздан астам спортшы қатысты.

Үш күнге созылған дүбірлі дода аудан орталығындағы стадионда өтті. Білектілер мен жүректілер сайысын тамашалауға жанкүйерлер қатары мол жиналды. Сынға түсіп жатқан отандастарына қолдау білдіру үшін аудан әкімі серік Ақтанов та келіп, жекпе-жектерді тамашалап отырды.  

Турнирдің шымылдықашалар жекпе-жегінде 53 келіге дейінгі салмақ дәріжесінде өнер көрсеткен қазақстандық Дархан Ысқақов қырғызстандық Хуснидин Сатыбалдиевпен күш сынасты. Тартысты өткен бұл жекпе-жекте жергілікті жанкүйерлердің қолауынан жігерленген Дарханның бәсі биік болды. Жалпы, бұдан кейінгі бәсекелерде де көк байрағымызды желбіретіп шыққан қазақ спортшыларының бағы мен бабы қатар шауып, шетелден келген қарсыластарын алып та, шалып та жығып жатты. Нәтижесінде сарапқа салынған алты белбеудің бесеуі қазақстандық саңлақтардың белінде кетті. Атап айтсақ,  53 келіге дейінгі салмақта Дархан Ысқақов (Қазақстан), 57 келіде Ерзат Сақабанов (Қазақстан), 61 келіде Бекзат Әлмахан (Қазақстан), 65 келіде Мирас Ұлықпанов (Қазақстан), 70 келіде Мұнарбек Бектұрбекұлы (Моңғолия), 80 келіде Имран Тайсұлтанов (Қазақстан) чемпион атанды.

– Ауылдық жерде мұндай спорт мерекесінің өтуі үлкен жаңалық болды зайсандықтар үшін. Үш күн бойы жекпе-жек өнерін тамашалап, өзіміздің спортшыларға жанкүйерлік еттік. Біздің жігіттер үмітті ақтады, жеңіске жеткендердің дені отандастарымыз, – дейді зайсандық Еркебұлан Досымбекұлы.

Айта кету керек, аталмыш турнир тарихта аты аңыз боп қалған Қабанбай батырдың үзеңгілес серігі болған Баймұрат Бәйімбетұлының рухына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды. «Еуразия кубогінің өтуіне «Жекпе-жек» дүниежүзілік қауымдастығының президенті Сабыржан Махмутов қолдау көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір