• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:34:00
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Аймақтар

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының басты мәселелерімен танысты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қызметке тағайындала салысымен әлеуметтік желі де белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ол қаланы аралап шыққаннан кейін өзінің алғашқы тапсырмасын Twitter парақшасында жариялады.

Бақытжан Сағынтаев қаланың басты мәселелерімен танысып, Түрксіб ауданына аттанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша аулаларды және ойын алаңдарын жақсарту жұмыстарында бірқатар мәселелер бар. Халықты жолдардың жағдайы мен қоғамдық қауіпсіздік алаңдатып отыр", - деп жазды Б. Сағынтаев.

Сағынтаев Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагинге шағымдарды саралап, іс-шараларды қабылдау жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, Алматы әкімі бүгін, яғни 1 шілдеде, Райымбек даңғылы мен Саин көшелерінің қиылысында болған автобус апатына қатысты себептерді анықтауды тапсырды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір