• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:07:10
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 NEWS

Димаштың сүйіктісі қытайлық баспасөз бетінде "хит" болды (фото)

Қытай қыздарының көмейіне өкініштен тұз құйылып жатқан сыңайлы...

Димаш Құдайберген мен оның сүйіктісі Нұрсәуле Әубәкірова Нұр-Сұлтан қаласындағы өнер университетінде бірге оқыған. Ал кездесіп, көңіл жарастырып жүргендеріне жылға жуық уақыт болыпты.

1

Димаш Құдайбергеннің жүрегін жаулаған бұрымдының бар екенін білген оның жанкүйерлері бірі қуанса, екіншісі қызғанып, желіде шу болып жатыр. Жақын арада Нұрсәуле мен Димаштың бірге түскен суретін әлеуметтік желідегі бір аккаунт жариялаған. Артынша аталған сурет өшірілді. Бірақ сол фотодан кейін инстаграмда Нұрсәуле Әубәкірова деген есіммен ашылған аккаунттар жауыннан кейінгі саңырауқұлақша қаптады.

2

"Димашпен түскен суретті Нұрсәуле фоторедакторлар арқылы жасап алған" деген пікір қалдырған жанкүйерлер келесі фактілерді көріп, бір құлазып қалатын шығар. Нұрсәуле Әубәкірованы журналистер ВКонтакте желісінен тапқан.

Шымкенттік 20 жастағы бұрымды Димаш тәмәмдаған Қазақ Ұлттық Өнер университетінде режиссер мамандығын игеруде. Ол қытайлық басылымдар Димаш екеуінің суретін жариялаған аккаунттың өзіне тиесілі болғанын жасырмады.

Демек, Димашты аңсаған қысық көз қытай қыздарының шаң қауып қалғаны – бұл! Көпшілік Димаш пен Нұрсәулеге бақыт тілеп, ағынан жарылды.

Дайындаған: Ақжібек Аралбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір