• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:59:53
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Оқиғалар

Араб компаниясының директоры қазақстандықтардан кешірім сұрады (видео)

Кауаш Хишам Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда, жағдайды реттеу үшін Атырау облысына келген.

"Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)" бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

"Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССС-дің саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді. Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін онымен арадағы келісім-шарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды. Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Қолымды жүрегіме қойып, ССС-дің өзінің бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жәйт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ", - деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір