• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:42:18
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Аймақтар

Арыс қаласын қалпына келтіруге Алматы облысынан 1 млрд теңге жұмсалмақ

Оның ішінде 157 жекеменшік үй облыс тарапынан қалпына келтірілетін болады.

Алматы облысы Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне белсенді атсалысады. Бұл туралы бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шаһарды қалпына келтіру бойынша еліміздің әр облысы және респуликалық маңызы бар қалаларға арнайы учаскелер берілді. Бізге №15 учаске берілді. Бұл ауданда 29 көшеде онласқан 9 әлеуметтік, 14 коммерциялық нысан мен 854 жекеменшік тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 157 жекеменшік үй облыс тарапынан қалпына келтірілетін болады. Бүгінгі күні жұмыстың жоспары жасалып, ауқымы анықталуда. Осы істі жүзеге асыру үшін облыс бюджетінен 1 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінбек», - деді Амандық Баталов.

Бұл істі жүзеге асыру үшін Арыс қаласында арнайы жұмыс тобы жүр деген облыс басшысы құрылыс бір айдың ішінде бітуі тиіс екендігін алға тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір