• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
24 Тамыз, 04:43:25
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

01 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Семейден барған оқушылар Ақтөбені аралады

Еліміздің киелі жерлерін насихаттап, өскелең ұрпаққа өлкенің бай тарихын, тәуелсіздіктің жетістіктерін таныстыру мақсатында бірқатар игі бастама қолға алынғаны белгілі

Еліміздің киелі жерлерін насихаттап, өскелең ұрпаққа өлкенің бай тарихын, тәуелсіздіктің жетістіктерін таныстыру мақсатында бірқатар игі бастама қолға алынғаны белгілі. Осы орайда Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе қаласында болып қайтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы сапар барысында балалар Ақтөбедегі тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық маңызы бар нысандарды аралап, жақын танысты. Әуелі олар Ақтөбедей сәулетті де көркем шаһардың көрікті жерлерін көзбен көріп, қала туралы, жергілікті жерден шыққан аты алашқа мәлім белгілі тұлғалар туралы тың ақпараттарға қанықты.  

Қаладағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған «Әлия» аллеясына ат басын байлаған семейлік оқушылар мерген қыздың өмірі мен майдандағы ерлігі жөнінде біліп, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті.   

    Сонымен қоса «Шығармашылық сарайы», «Теннис алаңы», «Мұз айдыны» кешендерін, қалалық атшабарды, «Жекпе-жек» спорт сарайын, «Атамекен» бизнес орталығын және басқа да нысандарды аралап, өздерінің зерттеу жұмыстарына қажетті мол ақпарат алды. 

– Экспедиция өте қызықты болды. Әсіресе, ерекше есте қалғаны Қобда ауданына барған сапарымыз. Бұл ауданда есімі елге таныс ұлы адамдар туған. Солардың бірі қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова. Сапар аясында біз Әлия апамыздың туған «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығына бардық. Көптеген тарихи дерекпен таныстық, – дейді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Сарбиева. 

Бұдан бөлек семейлік оқушылар Ақтөбе олысындағы құнды тарихи нысан – «Абат Байтақ» кесенесінде, «Қыз-әулие» қорымында, Жиренқопа жеріндегі Қобыландының  тарихи-мемориалдық кешенінде, осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген «Анаға тағзым» орталығында болып, жазушы Т.Ахтанов атындағы театрда «Махаббат жағалауы» атты психологиялық драманы тамашалады. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір