• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:02:47
Алматы
+35°

01 Шілде, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Еліміздің жастары Шығыста бас қосты

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты «Көгілдір бұғаз» демалыс базасында «Жастар – Қазақстан дамуының флагманы» атты республикалық форум өтті

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына қарасты «Көгілдір бұғаз» демалыс базасында «Жастар – Қазақстан дамуының флагманы» атты республикалық форум өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдық мерейтойына және еліміздегі Жастар жылына арналды.  

– Форум «Жастар – Қазақстан дамуының флагманы» деп тектен-тек аталған жоқ. Өйткені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым еліміздің болашағы жастардың қолында екенін жиі айтады. Форумда пікірлеріңізді ашық айтып, өзекті мәселелерді талқылаңыздар, кәсіподақ жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектеріңізді білдіріңіздер, – деді форумның ашылуында сөз сөйлеген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит.  

Айта кетейік, форумның мақсаты – жастардың кәсіби және тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасап, олардың әлеуетін әлеуметтік проблемаларды анықтауға, шешуге қолдану, салалық кәсіподақ мүшелерін жан-жақты қолдау, олардың мүдделерін қорғау.  

Форум аясында өткен дөңгелек үстелде жастар кәсіподақ қозғалысын дамыту туралы ойларын ортаға салды. Одан басқа тақырыпқа орай семинар-тренинг өтті. Спорттық сайыстар, викториналық ойындар, флешмоб сынды көптеген көңіл көтеру шарасы ұйымдастырылды. 

«Көгілдір бұғаздағы» басқосуға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге тарта қатысушы жиналды. Олардың ішінде салалық кәсіподақтардың облыстық филиалдарының өкілдері мен еліміздің барлық өңірінен кәсіподақ көшбасшылары бар. Форум аясында мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы мен Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір