• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 01:07:21
Алматы
+35°

22 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Семейде Олжас Сүлейменов атындағы орталық ашылды

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов атында орталық ашылды

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының жетекшісі, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов атында орталық ашылды. «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған салтанатты шараға әйгілі ақынның өзі келіп қатысты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл орталықта студенттерге ақынның шығармашылығымен, өмір жолымен, қайраткерлік істерімен жан-жақты танысуға мүмкіндік беретін материалдар жинақталған. 

Семейге келген сапарында Олжас ақын тарихы тереңге тамыр жайған қарт шаһардың көшелерін аралап, Бейбітшілік аралында жастарға арналған «Адамға табын, Жер енді» деп аталған тәрбие сағатын өткізді. 

– Сіздердің әкелеріңіз бен аталарыңыз, аналарыңыз бен апаларыңыз ядролық қаруға қарсы күресіп, қаншама жыл бойы халықты улап келген полигонды тоқтатты. Бүгінгі жас ұрпақ, сіздер осы тарихты естен шығармай, қасіретті өлкенің қадіріне жете білулеріңіз керек. Туған қалаларыңызды сүйіспеншілікпен дамытуға күш салыңыздар. Өйткені бұл қасиетті өңірде Абай, Шәкәрім, Мұхтар сияқты ұлы тұлғалар дүниеге келген, – деді семейлік жастармен кездесу барысында Олжас Сүлейменов.   

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір