• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:49:53
Алматы
+35°

28 Маусым, 2019 Шығыс Қазақстан облысы

Өскемендіктер Отырарға саяхат жасайды

Өскемендіктер неше ғасырлық тарихы бар Отырар қаласын тамашалау мүмкіндігіне ие болды

Өскемендіктер неше ғасырлық тарихы бар Отырар қаласын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Дұрысы, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылған «Қамалы бекем, халқы қайсар - Отырар» деп аталған көрмеге келушілер көне шаһарға қатысты құнды деректерді көзбен көре алады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.   

Отырар қаласына 800 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы асында шымылдық түрген көрмеге барлығы 200-ге тарта экспонат қойылған. Олардың ішінде III-VІІІ ғасырлардағы түпнұсқа жәдігерлер мен деректік материалдар, ІХ-ХІІ ғасырлардағы әйгілі шаһардың тыныс-тіршілігін баяндайтын еңбектер мен сол дәуірден жеткен археологиялық материалдар бар. Сонымен қоса моңғол шапқыншылығы кезіндегі Отырардың қирауы мен қайта бой көтеруінен сыр тартатын деректер көпшілік назарына ұсынылған. 

– Отырар – әлемдік өркениетте өзіндік орны бар, тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойындағы көне шаһарлардың бірі. Бұл қала әйгілі ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидың туған өлкесі. Бұл шаһар ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Қазақ хандығының саяси және экономикалық орталығы болған. Жалпы Отырар туралы адамдар жан-жақты біліп, ежелгі қалаға қатысты жәдігерлерді көзімен көруі керек. Көшпелі көрмені ұйымдастырудағы мақсатымыз да сол, – дейді Отырар мемлекеттік-археологиялық  қорық мұражайының бас қор сақтаушысы Ералы Шоқай.  

Айта кетейік, көшпелі көрме бір ай бойы жұмыс істейді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір