• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:29:27
Алматы
+35°

Ресей Федерациясының әуе-ғарыш күштері Қазақстанның Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын сынақтан өткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РФ қорғаныс министрлігінің ресми порталына сілтеме жасап.

"Сары-Шаған сынақ полигонында әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің жауынгерлік есептобы ресейлік зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің (ЗҚЖ) жаңа зымыранын кезекті сынауды сәтті аяқтады", - деп жазады.

Зымыранды ұшыру сынағының видеосы Ресей қорғаныс министрлігінің YouTube-тегі аккаунтында және Твиттер парақшасында жарияланды.

Әуе-ғарыш күштері әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс әскерінің қолбасшылық өкілі Павел Кузьмин шара барысында "ЗҚЖ жүйесінің жаңа зымыраны бірнеше рет сынақтан өткізілгеннен кейін сипаттамасында көрсетілген мәліметтерді растағанын және жүктелген міндетті сәтті орындағанын" атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бір жазда Сары-Шаған сынақ полигонында Ресей қорғаныс министрлігі өткізген ЗҚЖ жүйесінің  екінші зымыран сынағы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір