• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:48:16
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Саясат

Арыс тұрғындарына екі апта ішінде ақшалай көмек беріледі

Аманбаевтың айтуынша, арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 Арыс тұрғыны анықталып, олардың барлығына ақшалай көмек беріледі. 

Түркістан облысы әкімінің орныбасары Жолдымұрат Аманбаев Арыс тұрғындарына 100 мың теңгелік ақшалай көмек екі апта ішінде берілетінін айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аманбаевтың айтуынша, арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 Арыс тұрғыны анықталып, олардың барлығына ақшалай көмек беріледі. 

"Қаладағы арнайы мәліметтер базасы арқылы 44781 адамды анықтап, қаражатын аударамыз. Бұл жұмыстарды 2 аптада аяқтап үлгереміз деп ойлаймын. Ешқандай құжат жинаудың, әкімдікке келіп шу шығарудың, әбігерге түсудің қажеті жоқ. Әрбір тұрғын анықталып, тиісті қаражатты алады. Ал балаларының ақшасы келісім бойынша әкесінің немесе анасының есеп-шотына аударылатын болады", - деді Жолдымұрат Аманбаев.

Маусымның 24-і күні Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, қала тұрғындары түгелдей эвакуацияланды. Облыстан ашылған эвакуциялық пунктерді паналаған Арыс тұрғындары 28 маусымнан бастап қалаға қайта кіргізіле бастады. Ресми мәлімет бойынша, Арыстағы жарылыс кезінде үш адам өлді.

Билік жойқын жарылыстан жапа шеккен Арыс тұрғындарының әрқайсысына 100 мың теңге ақшалай көмек беріледі деген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір