• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:33:25
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Ғылым-білім

Білім министрі "сынып" сөзін "класқа" ауыстыру туралы ойын айтқысы келмеді. Бірақ....

Бұл жаңалық қоғамда үлкен дау тудырған соң министр Райымқұлова терминдерді қайтару мәселесі халықтың талқысына шығарылатынын мәлімдеген.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "сынып" сөзін қайтадан "класқа" ауыстыруға қатысты жеке ойын айтудан бас тартты, бірақ мұның қабылданған шешім екенін жеткізді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik сайтына сілтеме жасап. 

 

"Оған қатысты жеке ойымды айтқым келмейді. Өйткені бұл – қабылданған шешім. Сондықтан оны айтпай-ақ қояйын, түсініктеме бермей-ақ қояйын", - деді Аймағамбетов 

Айта кетейік, маусым айында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова өткен есеп беру кездесуі кезінде халықаралық терминдерді қазақ тіліне қайтару үшін терминологиялық қорға мониторинг жүргізілгенін жеткізді. Осыған орай бұрын қазақ тіліне аударылған 3 300-ден астам жалпыға бірдей қабылданған термин мен ұғым қайта қаралып бекітілді.

"Олардың 300-ге жуығы – халықаралық терминдер. Мысалы, "мұражай" деген сөз "музей" болатын болды. Мұрағат – архив, тағы сондай-сондай нәрселер", – деді Райымқұлова.

Бұдан бөлек, азатжол – абзац, пайыз – процент, сынып – класс, құрсым – шина,  теңгерім – баланс, әнұран – гимн, мұқаммал – инвентарь, ақау – дефект, шегендеу – демаркация, мейрамхана – ресторан, қимыл – анимация, ал "әлеует" деген сөз "потенциал" болып қайта өзгертілді.

Ал әлеуметтік желіде "сынып" пен "класс" сөздері қызу талқыланғаны белгілі. Біреулер осы уақытқа дейін "сыныпқа" әбден үйренгенін жазса, енді біреулер "класстың" қайта келгеніне қуанды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір