• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:25:14
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Саясат

Тоқаев: Қазақстанда ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған

Президенттің сөзінше, Қазақстанда ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған.

 
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің тұңғыш президенті мен үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отырғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Тоқаев 2 шілдеде Нұр-Сұлтанда Ислам даму банкі тобының президенті Бандар Хаджармен кездесуде айтқан.

Президенттің сөзінше, Қазақстанда ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған.

 "Қазақстанның тұңғыш президенті мен үкіметі исламдық қаржыландыруды дамытуға зор көңіл бөліп отыр. Бізде ислам банкі мен қаржы мекемелерінің қызметі үшін барлық жағдай жасалған. Осы бағыттың табысты болатынына сенімдімін", – деді Тоқаев. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір