• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:19:02
Алматы
+35°

02 Шілде, 2019 Саясат

Тоқаев Дариға Назарбаевамен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың дерегін негізге алып. 

Қазақстан Президентіне Парламенттің жоғарғы палатасының қазіргі жұмыстары және сайлауалды тұғырнаманы заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, соның ішінде азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге қатысты жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мал ұрлығы, есірткі таратқаны, әсіресе интернет арқылы таратқаны үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол астындағы қызметкерлердің жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылығы үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін заңнамалық нормаға енгізудің маңызды екенін атап өтті.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір