03 Шілде, 2019 NEWS

Атырау облысының әкімі "Chevron" компаниясының басшылығымен кездесті

Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының президенті Тодд Левимен кездесті

Кездесуде тараптар 29 маусым күні "Теңіз" кен орнында болған тұрмыстық кикілжіңді талқылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кеше, 2-шілде күні Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев "Chevron" компаниясының Еуропа, Еуразия, Таяу Шығыстағы барлау мен өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесті.

Нұрлан Ноғаев қазір жағдай реттелгенін, Теңіз жобасындағы жұмысшылардың өмірлері мен денсаулықтарына қауіп жоқ екенін айтты.

Тодд Леви өз кезегінде "Chevron" компаниясының саясаты бойынша компанияның барлық қызметкеріне тең дәрежеде құрмет көрсетілетінін, құқықтары мен міндеттері бірдей екенін атап өтті.

"Осындай оқиғаның енді қайталанбауы үшін Теңіз жобасына тартылған барлық мердігер мекемелер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Жергілікті атқарушы органдарға, құқық қорғау органдарына жағдайды тез реттеуге атсалысқандары үшін ризашылық білдіремін. Алға қарай да өзара байланысымызды табысты жалғастыра беретінімізге сенеміз",- деді Тодд Леви.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір