• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:29:24
Алматы
+35°

03 Шілде, 2019 NEWS

Назарбаевтың немересі Айсұлтан неге өлмек болды?

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы

Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев Лондондағы қонақ үйлердің бірінде өз-өзіне қол жұмсамақ болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Court News UK сайтына сілтеме бере отырып.  

2019 жылдың 5-маусым күні қонақ үйлердің біріне полиция жасағы өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқару үшін келді. Ол ер адам Айсұлтан Назарбаев болып шыққан. Осы оқиғадан екі күн бұрын дәл сол жерде олар Айсұлтанды аман алып қалған екен.

Құтқару кезінде Айсұлтан қарсылық танытып, полиция қызметкерлерінің біреуін тістеп алған. 

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "президенттің сүйікті жиені" деп атайды.

ч

Суретте: Айсұлтанның атасы Н.Назарбаев және әкесі Р. Алиев

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Австрияда орналасқан Америка халықаралық мектебінің түлегі, бұған дейін БАҚ жазғандай, оқу кезінде Айсұлтан тек мектепте алған стипендиясына ғана өмір сүрген. Осылайша ол ақшаның қадірін түсініп, үнемдеуді үйреніпті.

Британияның корольдік "Сандхерст" әскери академиясын бітіргеннен кейін, Отарға әскери борышын өтеуге аттанады. ҚР Қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатында болып, аға лейтенант атағын алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір