• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Тамыз, 03:29:23
Әкімдік қызметкерлері мен БАҚ өкілдері арасындағы аладоп аламаны

03 Шілде, 2019 NEWS

Тарих пәнінің мұғалімі марихуанамен ұсталды

Түркістан облыстық полиция қызметкерлері 9 келі марихуана сақтаған мұғалімді ұстады

Түркістан облыстық полиция қызметкерлері 9 келі марихуана сақтады деген айыппен мектеп мұғалімін ұстады деп хабарлайдыQamshy.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған азаматты ұстады.

Бәйдібек АПБ-не аудандық мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін жергілікті тұрғынның өз үйінде есірткі затын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны туралы хабарлама келіп түскен. Хабарлама барысында тез арада Түркістан облысы ПД ЕБҚІҚБ, КПБ, Бәйдібек АПБ-нің тәжірибелі полицейлерінен тергеу тобы құрылып, жүйелі түрде арнайы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізеді. 

Нәтижесінде, полицейлер күдікті ретінде Бәйдібек ауданының жергілікті тұрғыны, мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін азаматты ұстады. Үйді тінту барысында күдікке ілінген азаматтың тұрғын-үйінің алдында орналасқан сарайдың ішінен 9 пакетке салынған есірткі затына ұқсас сөмке тәркіленіп алынды. Тағайындалған есірткі құралдарды, психотроптық заттарды, аналогтарды және прекурсорларды сот-сараптаманың қорытындысына сәйкес, пакеттермен ұсынылған есірткі құралы – кептірілген марихуана болып шықты. Кептірілген марихуананың жалпы қаптаусыз салмағы – 9 кг-нан астам. 

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша « Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеліп, күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Қазіргі таңда, Түркістан облысы полицейлері күдіктінің, аса ірі мөлшердегі есірткі затын өзінде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір