• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:36:55
Алматы
+35°

03 Шілде, 2019 Әлем

"Қазақстанға ешқашан бармаймын": "Теңіздегі" қақтығыстан зардап шеккендерді жерлестері қалай күтіп алды? (фото)

2 шілденің таңертеңінде иорданиялық инженерлер өз еліне оралған. Халықаралық әуежайдан зардап шеккендерді Иорданияның СІМ өкілі Айман Сафади күтіп алды. 

"Теңіздегі" шеруден зардап шеккендер үйлеріне оралды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2 шілденің таңертеңінде иорданиялық инженерлер өз еліне оралған. Халықаралық әуежайдан зардап шеккендерді Иорданияның СІМ өкілі Айман Сафади күтіп алды. 

Иордания

Иордания СІМ-нің хабарлауынша, 107 адамның 41-і ғана жұмыстарын сақтап қалғысы келетінін айтқан. Сондай-ақ, Иорданияның ханзадасы Әл Хуссейн ибн Абдулла зардап шеккен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қолдау көрсетілетінін айтқан. 

Иорданияның азаматы Қазақстандағы болған жайтты былай түсіндірді:

— Қазақстандықтар ливандық жігіттің әлеуметтік желіге жариялаған фотосына ашуланды. Бұл фото олардың намысына тиді. Кейін олар барлық арабтарды ұрып-соқты. Енді Қазақстанға ешқашан бармаймын. 

Иордания

Иордания

Иордания

Сонымен қатар, ливандық 126 жұмысшы да өз еліне оралды. Жұмысшыларды күтіп алған Жоғары көмек комитетінің бас хатшысы  өз жұмысына оралған кезде де Қазақстан билігі  жұмысшылардың қауіпсіздігіне кепілдік беретінін мәлімдеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір